«Зорлық-зомбылықсыз және қатыгездіксіз балалық шақ»  атты 9-18 қыркүйек аралығында ұйымдастырылған онкүндік  акциясының  қорытындысы туралы 

Хабарлама

  Атырау  облысы білім беру басқармасының 2019 жылғы 10 қыркүйектегі №15-4-8/2423 хаты негізінде Атырау облысы әкімдігі жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы  жөніндегі ведомоствоаралық комииссия  отырысының тапсырмасына сәйкес, онкүндік акция  жоспары жасақталды.Акция кезінде  «Оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы  құқық бұзушылықтың алдын-алуда  мектеп пен отбасы-серіктестер» атты ата-аналар жиналысы өткізіліп,мектеп психологтары  ата-аналарға тренинг өткізілді.Мектеп директоры Ш.Т.Кобанова  «Тұрмыстық зорлық-зорлықтың алдын алу міндеті туралы ата-аналарға дәріс оқыды.Мектеп мейірбекесі Н.Сабирова  «Репродуктивті денсаулық» тақырыбында  қыз балаларға жиналыс өткізді. Мектеп психологы А.Ашықбаева  8-11 сынып оқушылары арасында «Зорлықсыз балалық шақ» атты ойын-жаттығу, тренинг ұйымдастырды.Тренинг кезінде оқушылар топқа бөлініп , өз ойларын қорғап шықты.Акция кезінде  «ҚОРЫҚПА,БІЗГЕ ҚОҢЫРАУ ШАЛ, БІЗ САҒАН КӨМЕКТЕСЕМІЗ» атты баннер шығарылып мектептің дәлізіне орналастырылды.