Берсе, балаға беріп қуантатын халқымыздың жолын бүгінде ұлты өзге болса да жандүниесі мейірімге толған, ТШО мекемесінің әйелдер қауымдастығы тобының мүшесі және «Теңіз еріктілері» тобының  көшбасшысы Таня Гаудри ханым бастаған ұжым  Құлсары халқына көмек көрсету мақсатында «Мектепке балаларға бірге көмектесейік!» бағдарламасын ұйымдастырып, Құлсары қаласы бойынша 102 балаға, оның ішінде, мектебіміздегі әлеуметтік осал топтан шыққан 11 оқушыға  мектеп формалары мен оқу құралдары салынған  сөмкелерді тарту етті.

Мерекелік бағдарламада  тәтті торт ұсынылып, көңілді қуыршақтармен би билеп, балалар да, ата-аналар да қуанышқа бөленді.

«Мектепке жол» акциясы  аясында мектеп жанынан аз қамтылған 4 отбасы балаларына мектеп формасы, Кәсіподақ ұйымынан 2 оқушыға  оқу құралдары және ЖШС «Ханали» компаниясының қолдауымен 3 оқушыға оқу құралдары салынған сөмкелер берілді.

                              

Дайындаған:  №10 мектеп, Әлеуметтік педагог: К.Дәулетияр