1-қыркүйек білім күні - балалар шаттанатын,ұстаздар қуанышқа бөленетін күн. Бұл мереке Ақкиізтоғай ауылдық, #10 Амангелді атындағы жалпы орта білім беретін мектепте де өз дәрежесінде аталып өтті. Салтанатты жиынға ардагер ұстаз - Сәкенов Қажығали, Ақкиізтоғай ауылдық округінің әкімі - Д.Құбашұлы, Ата-аналар комитеті төрайымы-Гүлнара Сейітқалиқызы, ТЖБ өкілдері-Орынбасаров Дәурен, Тәутекен Нұрлыбек, ата-аналар мен ұстаздар қатысты.

Алғашқы құттықтау сөзін жолдаған мектеп директоры Ш.Темірханқызы: жаңа оқу жылының ең қуанышты жаңалығы "Стем" лабораториясы кабинетін облыс бойынша жеңіп алған информатика пәні мұғалімі С.Сансызбаеананың жетістігін атап өтті.

Сөз алған ардагер ұстаз С.Қажығали:  алғаш қадам басқалы тұрған бүлдіршіндерді және оқушылар мен ұстаздары жаңа оқу жылдарымен құттықтап, ақ тілегін жеткізді. Сонымен қатар ТЖБ өкілі Орынбасаров Дәурен: балалардың қауіпсіздігін қадағалау және алдын алу мақсатында ата-аналарды хабардар етті.

Ақкиізтоғай ауылдық округінің әкімі Д.Құбашұлы: мерекемен құттықтап, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндердің қадамдарына сәттілік тіледі. Сонымен қатар биылғы жастар жылына орай 2005-2007 жылы туылған балаларға ұйымдастырылған жасөспірімдер арасындағы қашықтыққа жүгіру және дзюдо күресінің жеңімпаздарын мадақтама хатымен медальдарымен марапаттады. Балаларға биіктерден көрініп, мектебіміздің, ауылымыздың атын шығарар азамат болуларына тілек білдірді.

Салтанатты шара бүлдіршіндердің ыстық ықыластарымен жалғасты. Алғашқы қоңырау үнін соғу Мәтжан Жанерке мен Сембай Бекнұрға бұйырды.

Жиыннан соң әр сыныпта "Саналы ұрпақ жарқын-болашақ" жалпы республикалық азаматтық және патриоттық сабағы жүргізіліп, ауыл әкімі мен қонақтар аралап өз бағасын берді.