№ 10 Амангелді атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» ККМ тарихы

 

Амангелді атындағы орта мектеп 1928 жылы 4 кластық бастауыш мектеп болып ашылды. Кейіннен 1938 жылы 7- жылдық мектепке айналды. Ал 1962-1963 оқу жылынан бастап 11 жылдық мектеп болды. Алғашқы ұстаздар С.Сабырғалиев , А.Байниязов, К.Қорғанбаев, А.Қожиев, Л.Харламова, Б.Өтесовтар болды. 1974 жылы мектеп 360 балалық жаңа корпусқа көшті. Ол кезде мектеп директоры  Төлеуов Наурызбай болды. Жаңа кабинеттік жүйеге негізделген пәндік оқу бөлмелері болды. Осы тұста мектепке М. Қақпанбаев, А.Айналжанова , М.Әлиева, Б. Рысқалиев, Б. Өтесов т.б мұғалімдер жұмыс жасады.

 

Мектеп 1965 жылы өзінің алғашқы 29 түлегін ұшырды. Қазір зейнеткер ауданға   белгілі көз дәрігері  Беков Боранқұл тұңғыш медальмен бітіруші болды . ( 1966)  (күміс медаль) 1976 жылы мектеп жанынан екі қабатты интернат пайдалануға берілді. Онда сол кездегі «Коммунизм – таңы» совхозының малшы- механизаторларының , Толтыр темір жол станциясының жұмысшыларының балалары жатып оқыды.