«№10 Амангелді   атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1974 жылы салынған. Мектеп ғимаратының жалпы аумағы 1,200 га. Орындық саны -320. Мекемеде 18 бірлік оқу кабинеттері, 45 компьютермен жабдықталған екі  информатика кабинеті бар. 2011 жылы биология, 2014 жылы химия, 2015 жылы Алғашқы әскери дайындық оқу кабинеті келді. 2017жылы  жаңа үлгіде 2 технология ( ұл және қыз), информатика, тарих кабинеттері келді. Мектеп асханасы 50 орындық бейімделген бөлмеде орналасқан. Мектепте 1 кітапхана, 2 медициналық кабинет бар. Мектеп кітапханасының аумағы -36 шаршы метр.

2012-2013 оқу жылында мектеп күрделі жөндеуден өтті.  Барлық бөлмелеріне линолиум төселінді, терезелер мен есіктер ауыстырылды.

Мектепке ішкі әжетхана орнатылып, су және кәріз жүйелері  жүргізілді. Мектеп асханасына және қолжуғыштарға ыссы және салқын су келу үшін аристон су жылытқыштары қондырылды.

Мектепте жалпы қызметкерлер саны -66. Мұғалімдер саны – 39, тех қызметкерлер саны -27. Жоғары білімді -34, арнаулы орта – 5. Жоғары санатты-3,Бірінші санатты -8, Екінші санатты -12, санатсыз – 16.  Мұғалімдердің білім жетілдіру курстарына қатысуы туралы мәлімет, 2 мұғалім Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттыру деңгейлік бағдарламалары аясында  оқыту курстарын аяқтаған.  14 мұғалім жаңартылған білім беру мазмұны бойынша, 2 мұғалім-тренерлік,  1 мұғалім- мектеп үйлестірушісі, 1 мұғалім – роботехника курсынан өткен. Қазіргі таңда 1 мұғаліміміз үштілдік курсын оқып жатыр.

Аталған мектепте 15 сынып комплектсі бар. 281 оқушы білім алуда Мектепте 1-11 сыныптар аралығында озат оқушылар саны -46, оқу екпінділер саны -78, сапа 50,5%. Қазіргі таңда  мектеп бітірушілер саны-23. ҰБТ байқау сынағына – 16 оқушы қатысады. Оқушылардың сапа көрсеткіші қыркүйек айында – 52,5%,  қазан – 62,4%, қараша – 52,4%, желтоқсан – 49,3%, қаңтар – 47,7%, ақпан – 53,7%, наурыз – 53,1%, көрсетіп тұр.

Мектепте музыка, сызу пәндері бойынша  маман жетіспейді. Жылыой аудандық  білім беру бөліміне жыл сайын осы мәселе жөнінде  сұраныс беріліп отырады.

 Мектепте тәрбиелік  іс-шаралар өткізетін  акт зал жоқ.

Шәкірттерді ұлтжанды, отансүйгіш, білімді етіп жоғары  саналықпен  тәрбилеу, жан-жақты терең білімді етіп шығу – ұстаз еншісінде. Осы орайда мектебімізде  биылғы оқу жылында аудандық, облыстық , республикалық  сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүрген оқушыларымыз жетерлік. «Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз.  » демекші, алдымыздағы шәкірттерімізге алдымен үлгілі  тәрбие бере отырып, заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету мақсатында  да, қандай да болмасын тәрбиелік шараларға оқушыларымыз да, ата-аналарымыз да белсенділікпен  қатысады. Соның  нәтежиесінде аудан бойынша алдыңғы  орындардың  қатарындамыз. Құқық бұзып, жасөспірімдердің бөлімшісінде тіркеулі тұрған, сабақтан себепсіз қалған, орамал тартып, шолақ шалбар киетін, сонымен қатар қазіргі таңда белең  алып отырған  суицид бойынша  тіркеуде тұрған оқушыларымыз жоқ.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады» деген. Сондықтан,  мемлекетіміздің білім саясатындағы басты бағытының бірі- бәсекеге қабілетті білімді де білікті жас ұрпақ тәрбиелеу десек, білімінің биік шыңын бағындырып, жарқын табыстарға қол жеткізген дарынды мұғалім мен оқушыларды тәрбиелеуге ықпалын тигізетініне сеніміміз мол. Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман.

2017-2018 оқу жылындағы  мектебіміздің өзекті мәселесі: «Мұғалімнің педагогикалық шеберлігін дамыту  арқылы, оқу – тәрбие үрдісіне жаңа білім технологиясын пайдалана отырып, заман талабына сай білім беру»бағытында жұмыс жасап келеді.

 

 

БІЛІМ САПАСЫ

 

 

 

 

 

 

МАТЕРИАЛДЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА ТУРАЛЫ