Мектептегі тамақтандыру
Мектептегі тегін тамақтану тәртібі: бұл мемлекеттік қызмет жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен оқушыларының жекелеген санаттарына көрсетіледі.
Отбасыларға беріледі:
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу құқығына ие болғандарға;
- Төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмек талап ететіндерді немесе білім беру ұйымының алқалы басқару органымен анықтайтындарды;
- Жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдарда;
- Отбасында тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға.
Қызмет көрсету мерзімі: 5 жұмыс күн ішінде.
Құжаттар көрсетілген қызметті берушіге тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ платформасына жүгінген кезде 15 минут
Қызмет көрсетушіде құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 30 минут
- Өтініш
Ата-анасының біреуінің (немесе басқа заңды өкілдерінің) өтініші
- Жеке басын куәландыратын құжат
Ата-анасының немесе заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат
- Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі
Баланың туу туралы куілігінің көшірмесі (жеке сәйкестендіру үшін қажет)
- Әлеуметтік мәртебені растайтын құжаттың көшірмесі
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардың балалары –көрсетілетін қызметті алуышының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларына жататынын растайтын анықтама;
- Жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен болатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алмайтын отбасылардың балалары үшін – алынған табыстар туралы құжаттар
- Отбасында тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін – отбасында тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-ангасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылықты бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;
- Төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардың балалары мен оқушылар мен тәрбиеленушілердің басқа санаттары үшін білім беру ұйымының алқалы басқару органы анықтайды- отбасының материалдық және тұрмыстық жағдайларын зерттеунегізінде алқалы органның шешімі.
Салауатты тамақтану бойынша ақпарат:
Дұрыс тамақтану –денсаулық кепілі